13
қыркүйек
2019
«Парасатты азамат» бұрышы
Білім алушыларды азаматтыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне, адамгершілік сезімдерге еңбек сүйгіштікке, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетіне тәрбиелеу. Кітапханада мектеп білім алушылары, педагогикалық ұжым, жалпы азамат үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Парасатты азамат» тақырыбында бұрыш жасалған. 13.09.2019 жылы 7-8 сыныптың білім алушыларына «Парасатты азамат» бұрышының мақсаты мен міндеттері таныстырылды. «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі М.Ағлыев рухани адамгерщілік және азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру туралы түсіндірілді. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір істердің шапағаты туралы түсінік беріледі. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан мінез – құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Қанша қауіпті болып көрінсе де, сіз әрқашан ақиқатты қалаңыз, соңы сәтті болады. Осыны ұстанған азаматтарымыз парасатты азамат болады. Халыққа әділетті,қоғамға тең қарайтын ұрпақ, парасатты азаматтар тәрбиелеу деген мақсатта мектебіміздің кітапханасында үнемі жаңартылып отыратын «Парасатты азамат» атты кітапханалық бұрыш бойынша білім алушыларға түсіндіру жүмыстары жүргізілді.