06
қараша
2019
"Адалдық сағаты" аясында өткізілген бірыңғай сынып сағаттары
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департамент Төрағасының тапсырмасына сәйкес 2019 жылғы 1 қарашадағы №8/11-2-4946 хаты негізгінде мектепте 6 қараша күні бірыңғай "Адалдық сағаты" интербелсенды түрде, баяндамасыз, білім алушылармен пікіралмасу, еркін сұрақ- жауап алу форматында өткізілді. Бұл іс-шараға мектеп директоры Н.Койшиманова- "Nur Otan"партиясының фракция мүшесі, Өмірбеков Аят -"Jas Otan" жастар ұйымының өкілі, Ағлыев Мұхтар- математика пәні мұғалімі, "Адал ұрпақ" еріктілер клуб жетекшісі қатысып, өскелең ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынға рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Математика пәні мұғалімі Ағлыев- қазіргі таңда мектепте білім алушылардың рухани-адамгершілік және азаматтық- патриоттыққа тәрбиелеу және жемқорлыққа қарсы мәдениет пен заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру мақсатында "Адал ұрпақ" еріктілер клубы құрылып, қазіргі таңда белсенді жұмыс жасап отырғанын тілге тиек етті. Клуб мүшелері білім алушылардың отан сүйгіштікке, азаматтылыққа, білім алуға жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында мектепте "Парасат" тобы құнды ақпараттарды жинақтап, балалардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екенін және үш бағытта жұмыс жасайтынын айтты. Бұл іс- шараға 382 білім алушы қатысты.