05
сәуір
2019
Мектептегі "Адалдық алаңы" туралы мәлімет
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жане сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен азаматтардың бойында әділдік және адалдық құндылықтарын тәрбиелеу мақсатында № 5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында адалдық алаңы жұмыс жүргізді. Осы тәжірибені мектепте енгізу-жастарда оңтайлы моральдық қасиеттерді нығайтуға, сонымен қатар ішкі парасаттылықка және адалдыққа тәрбиелеуге бағытталды. "Адалдық алаңында" әрбір білім алушы өзіне қажетті сомаға тауар алып, кассалық аппараттарды алмастыратын арнайы қорапқа алған заттың бағасына сәйкес ақшасын калдырды. Мектепте біртіндеп сенім ахуалын құруға және жастарға өздерін адал адам ретінде танытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, "сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеттің" калыптасуына да тікелей әсер етеді.