20
қаңтар
2020
Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру мақсатындағы "Адалдық сағаттары" туралы
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 20 қаңтар күні білім алушылардың рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру мақсатында 9-11 сыныптар арасында адалдық сағаттары өткізілді. Сынып жетекшілер А.Джадраев, Д.Увалиева, А.Уалиева, Г.Шошобай мен Э.Жаксыбаева ұйымдастыруымен "Жемқорлық құқық бұзушылықтардың картасы", "Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек", "Жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбындағы сабақтарында парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге ықпал етті. "Адалдық сағаттарына" Ақарал ауылдың округінің әкімі О.Жантайбеков, мектеп директоры Н.Койшиманова, тарих пәні мұғалімі Г.Касымов пен "Адал ұрпақ" еріктілер клубының жетекшісі М.Аглыевтің қатысуымен өткізілді.