30
сәуір
2021
"Шаңырақ" балалар қоғамдастықтары арасында ынтымақтастыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу
№ 5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 1 - мамыр Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған ағымдағы жылдың 30 - сәуір күні "Шаңырақ" балалар қоғамдастықтары арасында ынтымақтастыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу мақсатында «Достық. Бірлік. Ынтымақ» атты ұлттар достығы фестивалі өткізілді. Фестиваль ережесі негізінде қатысқан сыныптар "Таныстыру", " Өнер", "Ұлттық салт - дәстүрі" мен " Ұлттық ойын" бөлімдері бойынша сайысқа түсіп, өнерлерін көрсетті.Фестиваль барысында тарих пәні мұғалімі Г. Касымов Қазақстанда мекендейтін ұлттардың қарым - қатынасы, тарихы мен этносаралық мәдениеті жайында қысқаша ақпарат берді. Іс-шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р. Бабижанова білім алушыларды ұлттар арасындағы достық пее сыйластықты дәріптеу, әрбір ұлттың тілін сүюге, оны қадірлеуге, құрметтеуге шақырды.