Материалы за Маусым 2022 года » Страница 3 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» Материалы за Маусым 2022 года » Страница 3
"Бақытты балалық шақ" тақырыбында ашық аспан астындағы оқу
08
маусым
2022
"Бақытты балалық шақ" тақырыбында ашық аспан астындағы оқу
08.06.2022 жыл №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында  "Оқуға құштар мектеп жазғы демалыста" тұжырымдамасы аясында  балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырып, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында "Бақытты балалық шақ" тақырыбында ашық аспан астындағы оқу ұйымдастырылды. Балалар ертегі жайында викториналарға жауап беріп, жұмбақтар жасырылды, сергіту ойындары ойнатылды. Жауапты: кітапханашы Г.Маделиева
Чемпиондармен кездесу
08
маусым
2022
Чемпиондармен кездесу
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясының жазғы лагерьде "Чемпиондармен кездесуі" өткізілді. Кездесуге Ұлттық мектеп лигасында баскетболдан I орын алған, мектеп лигасы аула ойындары стритболдан I орын алған чемпиондар келді. Іс шарада ойындар ойнатылып, сұрақтар қойылды. Жауапты: Мұрат Нұрлан
"Нұр шуақ" тобы мұражайға саяхат
08
маусым
2022
"Нұр шуақ" тобы мұражайға саяхат
N5 Акарал ЖОББМГ мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің "Нұр шуақ" тобы мұражайға саяхат жасады. Саяхат барысында білім алушыларға мұражайдағы экспонаттар туралы түсінік берілді.   Балалар мұражай аралау сәтінде үлкен ұлы сезім, патриоттық рухқа бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, керемет сезімге бөленгендерін, терең ой түйгендерін бір-біріне айтып, ой бөлісті. Білім алушылар үшін, қоғам үшін  осы мұражай тәрбиенің қайнар көзіне айналмақ! "Нұр шуақ" тобының тәрбиешісі:
«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпараттық науқаны
07
маусым
2022
«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпараттық науқаны
7 маусым күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Балалар еңбегін қанауға жол жоқ!» ұранымен «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпараттық науқаны өткізілді. Науқанның негізгі мақсаты балалар еңбегінің ең нашар түрлерін пайдалануды алдын алу мәселелеріне қоғамның, ересектердің, балалар мен олардың ата – аналарының назарын аудару, сондай-ақ сол саладағы кұқықтық ақпараттандыру болып табылады. Науқан аясында  білім алушылармен ақпарат алмасу,әңгімелесу жұмыстары
"Жыл оқушысы-2022" грамотасының иегері Жайлау Гүлбегіммен кездесу
07
маусым
2022
"Жыл оқушысы-2022" грамотасының иегері Жайлау Гүлбегіммен кездесу
№5 Ақарал ЖОББМГ жазғы лагерь аясында "Жыл оқушысы-2022" грамотасының иегері Жайлау Гүлбегіммен кездесу өткізілді. Кездесу Дара жол атты ток шоу ретінде "Талапты жастар"тақырыбында өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты оқушылардың өнерлі тұлғамен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Кездесуде оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды, логикалық ойындар ойнатылды. Жауапты: Далибаева Ж., Қайырбек А.
"Мен жан - жақты және қайталанбайтын бейнемін" тақырыбында тренинг
07
маусым
2022
"Мен жан - жақты және қайталанбайтын бейнемін" тақырыбында тренинг
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында Жазғы мектеп аясында мектеп психологы Р. Молдобекова психопрофилактика жұмыстарының іс - шаралар жоспарына сай 7 - 8 сынып білім алушыларымен өзінің жеке бас құндылықтарын түсінуге, құрметтеуге, санасуға бағыт беру мақсатында "Адам құндылықтары..!" тақырыбында ой  талқы, "Мен" бейнесін айқындау. Оқушы бойындағы жағымды қасиеттерді ашып, жағымсыз қасиеттерден арылуға жағдай жасау мақсатында "Мен жан - жақты және қайталанбайтын бейнемін"
"Кітап - рухани азық мекені" тақырыбында сабақ
07
маусым
2022
"Кітап - рухани азық мекені" тақырыбында сабақ
 N5 Ақарал ЖОББМГ  Жазғы лагерь  оқушылары "Жас лингвистер" тобымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітап - рухани азық мекені" тақырыбында сабақ өткізілді. Жауапты: бағдарлы топ жетекшісі Б.Несіпбай.  
"Жарық жұлдыздар" тобының демалушыларымен "Ертегі сыр шертеді" тақырыбында кітапханалық сабағы
06
маусым
2022
"Жарық жұлдыздар" тобының демалушыларымен "Ертегі сыр шертеді"
06.06.2022 жыл №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында жазғы сауықтандыру лагерінің жоспарына сәйкес "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқушылардың тілдік қорларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қиялдарын  дамыту мақсатында "Жарық жұлдыздар" тобының демалушыларымен "Ертегі сыр шертеді" тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді. Жауапты: кітапханашы Г.Маделиева
"Жалын" тобында "Ас- адамның арқауы" тақырыбында танымдық сабақ
06
маусым
2022
"Жалын" тобында "Ас- адамның арқауы" тақырыбында танымдық сабақ
№5 Ақарал ЖОББМГ мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің "Жалын" тобында "Ас- адамның арқауы" тақырыбында танымдық сабақ өтті. Балаларға адамның өміріндегі астың маңызды рөлі түсіндіріліп,  дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін пайдасы айтылды. Сонымен қатар балалар өз қолдарымен бутерброд, ходдог жасады. Дұрыс тамақтанудың пайдасы мен зияны туралы өз ойларын айтты.  "Жалын " тобының тәрбиешісі А. Суанкулова 
"Айгөлек"  жазғы сауықтыру  лагерінде  "Өнерлі отбасы"  бейне байқауы
06
маусым
2022
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде "Өнерлі отбасы" бейне байқауы
Ата-ана болса өрнекті,  Ұл мен қызы өсер көрнекті.  Әуезов Мұқаң айтқандай:  Түзейік бесік-жөргекті.  Отбасы-бұл қоғамның негізі. Баланың  болашақта  жақсы азамат болып өсуі үшін,  жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Осы мақсатты негізге ала отырып,  "Айгөлек"  жазғы сауықтыру  лагерінде  "Өнерлі отбасы"  бейне байқауы өткізілді.  Әр бала өз отбасын бейне ролик арқылы таныстырды. Байқау соңында демалушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.