Материалы за 06.06.2022 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» Материалы за 06.06.2022
"Жарық жұлдыздар" тобының демалушыларымен "Ертегі сыр шертеді" тақырыбында кітапханалық сабағы
06
маусым
2022
"Жарық жұлдыздар" тобының демалушыларымен "Ертегі сыр шертеді"
06.06.2022 жыл №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында жазғы сауықтандыру лагерінің жоспарына сәйкес "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқушылардың тілдік қорларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қиялдарын  дамыту мақсатында "Жарық жұлдыздар" тобының демалушыларымен "Ертегі сыр шертеді" тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді. Жауапты: кітапханашы Г.Маделиева
"Жалын" тобында "Ас- адамның арқауы" тақырыбында танымдық сабақ
06
маусым
2022
"Жалын" тобында "Ас- адамның арқауы" тақырыбында танымдық сабақ
№5 Ақарал ЖОББМГ мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің "Жалын" тобында "Ас- адамның арқауы" тақырыбында танымдық сабақ өтті. Балаларға адамның өміріндегі астың маңызды рөлі түсіндіріліп,  дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін пайдасы айтылды. Сонымен қатар балалар өз қолдарымен бутерброд, ходдог жасады. Дұрыс тамақтанудың пайдасы мен зияны туралы өз ойларын айтты.  "Жалын " тобының тәрбиешісі А. Суанкулова 
"Айгөлек"  жазғы сауықтыру  лагерінде  "Өнерлі отбасы"  бейне байқауы
06
маусым
2022
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде "Өнерлі отбасы" бейне байқауы
Ата-ана болса өрнекті,  Ұл мен қызы өсер көрнекті.  Әуезов Мұқаң айтқандай:  Түзейік бесік-жөргекті.  Отбасы-бұл қоғамның негізі. Баланың  болашақта  жақсы азамат болып өсуі үшін,  жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Осы мақсатты негізге ала отырып,  "Айгөлек"  жазғы сауықтыру  лагерінде  "Өнерлі отбасы"  бейне байқауы өткізілді.  Әр бала өз отбасын бейне ролик арқылы таныстырды. Байқау соңында демалушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Мектепке 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау
06
маусым
2022
Мектепке 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау
Ата-аналар назарына! Сіз 1 сыныпқа құжаттарды тапсырдыңыз ба?  Мектепке 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылады 1) "электрондық үкімет" веб-порталы egov.kz 2) қағаз түрінде Қажетті құжаттар тізімі:  ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;  жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);  "Бала денсаулығы паспорты" №026/у есеп нысаны және 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама;
"Жас лингвистер" тобы
06
маусым
2022
"Жас лингвистер" тобы
06.06.2022 ж N5 Ақарал ЖОББМГ  Жазғы лагерь  оқушылары "Жас лингвистер" тобымен оқушылардың қызығушылығын оятып, ой-өрісін дамыту мақсатында сабақ жоспарына сай "Стоп кадр" ойыны арқылы сабақ өткізілді. Жауапты: бағдарлы топ жетекшісі Б.Несіпбай.