Материалы за Қараша 2022 года » Страница 3 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» Материалы за Қараша 2022 года » Страница 3
"Дұрыс тамақтану белсенді өмір сүру"
21
қараша
2022
"Дұрыс тамақтану белсенді өмір сүру"
21.11.2022ж N5 Ақарал жалпы   орта білім беретім мектеп гимназиясында 7ә сыныбында  “Дұрыс тамақтану белсенді өмір сүру” тақырыбында сынып сағаты өтілді. Сынып сағатына мектептің аспазшысы Барменкулова Гүлнара қатысып, балаларға тиімді дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын  күшейтуге ықпалын тигізетінін және денсаулықты сақтаудың басты шарты -дұрыс тамақтану екеніне тоқталып, дұрыс тамақтану бойынша бірнеше ережелермен таныстырды.
"Дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш" тақырыбындағы ашық ұйымдастырылған іс-әрекет
21
қараша
2022
"Дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш" тақырыбындағы ашық
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының бастауыш сынып әдістемелік айлығының жоспарына сәйкес Математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекетінің "Дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш" тақырыбындағы ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі: З. Арыстанбаева
"Іс-әрекетті зерттеу - нәтижелі жұмыстың жемісі" тақырыбында ақпараттық форсайт сессия
21
қараша
2022
"Іс-әрекетті зерттеу - нәтижелі жұмыстың жемісі" тақырыбында
21.11.2022ж. Бастауыш сынып бірлестігінің айлық жоспары негізінде білім алушылардың оқуға деген қызығушылықты ояту, оқу жылдамдығын, жадыны, есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында "Бастауыш сатыда оқу жылдамдығын дамытудың тиімді әдіс - тәсілдері қандай?" іс әрекетті зерттеу сұрағы бойынша "Іс-әрекетті зерттеу - нәтижелі жұмыстың жемісі" тақырыбында ақпараттық форсайт сессия жүргізілді. Жиын барысында педагогикалық тәжірибе шеңберінде зерттеу жүргізу, ынтымақтастық қарым - қатынас орнату,
Жамбыл облысы бойынша футбол әуесқойларының лигасы
19
қараша
2022
Жамбыл облысы бойынша футбол әуесқойларының лигасы
Жамбыл облысының үлкен футболдан өткізілген  чемпионатында  №5 Ақарал жалпы орта мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пән мұғалімі Даурен Қойшыбаев  Жамбыл облысы бойынша футбол әуесқойларының лигасы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі И.Крыкбаевтің "Үздік сұрмерген" номинациясымен  марапатталды. 
№5 Ақарал ЖОББМГ буфеттік мәзірге сай тағам өнімдері
18
қараша
2022
№5 Ақарал ЖОББМГ буфеттік мәзірге сай тағам өнімдері
№5  Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының мектеп асханасында  балаға арналып бекітілген буфеттік мәзірге сай тағам өнімдері сатылуда.
“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру
18
қараша
2022
“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Ақарал ауылының ақсақалы Бекасылұлы Амантай атамыздың және Ақарал ауылдық округінің  Жастар ісі жөніндегі инспекторы Амантай Бекзатпен "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты:  білім алушыларға “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, өз мемлекетіне
1"Ә" сыныбында  математика пәнінен "6 санын қосу және азайту "тақырыбында ашық
18
қараша
2022
1"Ә" сыныбында математика пәнінен "6 санын қосу және азайту
N5Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында  бастауыш сынып әдістемелік бірлестік айлығының жоспарына сәйкес  бастауыш сынып мұғалімі  И.Насипбекова 1"Ә" сыныбында  математика пәнінен "6 санын қосу және азайту "тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: 6 санын қосуды және азайтуды үйрену. Мұғалім білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай "Серпілген сауал", "Досыңмен сырлас"," Ойлан, топтас","Кім жылдам?",  "Қоянды тамақтандыр", "Шие" сияқты  белсенді әдіс-тәсілдерді қолданды.
1-4 сыныптың  білім алушыларымен «Біз  зорлық-зомбылыққа қарсымыз!»  тақырыбында  сынып  сағаты
18
қараша
2022
1-4 сыныптың білім алушыларымен «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!»
2022 жылы 18 қараша күні  №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында   "Қатыгездік пен  зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқаны аясында,  балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу  мақсатында  1-4 сыныптың  білім алушыларымен «Біз  зорлық-зомбылыққа қарсымыз!»  тақырыбында  сынып  сағаты өткізілді. Іс-шара барысында балаларға қатысты жасалынатын  түрлі санаттағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық әрекеттердің түрлері мен  ондай жағдайдан шығу жолдары түсіндірілді.