18
қараша
2022
“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Ақарал ауылының ақсақалы Бекасылұлы Амантай атамыздың және Ақарал ауылдық округінің Жастар ісі жөніндегі инспекторы Амантай Бекзатпен "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: білім алушыларға “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Кездесу барысында: А.Бекасылұлы білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, кеңестер берді. Ауыл жастарына өзінің ақыл кеңесін бере отыра іс-шарамызды қорытындылады.