28
қаңтар
2021
"Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы" атты оффлайн кездесу
28.01.2021ж. №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р. Бабижанованың ұйымдастыруымен барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 8 -10 сыныптары үшін "Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы" атты оффлайн кездесу өткізілді. Іс - шара барысында Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстары орталығы" КММ-нің "Жастарға қызмет көрсету" бөлімінің басшысы Н. Шәріпбек сыбайлас жемқорлықтың қоғамда етек жайғаны ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және оның кеселі біздің мемлекетімізге әлеуметтік дамуымыздың тежейтінін айтты. Білім алушылар сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір азамат міндеті екені туралы өз ойларын жеткізіп, еліміздің дамуына, өркендеп өсуіне адал қызмет ету қажеттілігін айтты. Мектептегі "Адал ұрпақ" ерікті клуб жетекшісі М. Ағлыев жас ұрпақ үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, белсенді іс - шаралар жүргізілетінін баяндады.