Материалы за 12.12.2022 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» Материалы за 12.12.2022
"Шеберлік палитрасы" ашық сабақтар шеруі аясында 6 "А"   сыныбында педагог-зерттеуші Г. Самбетова және 3 "А" сыныбында педагог-шебер М.Бекасилова шеберлік сағаттары
12
желтоқсан
2022
"Шеберлік палитрасы" ашық сабақтар шеруі аясында 6 "А" сыныбында
✓5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 13 желтоқсанда  "Шеберлік палитрасы" ашық сабақтар шеруі аясында 6 "А"   сыныбында педагог-зерттеуші Г. Самбетова және 3 "А" сыныбында педагог-шебер М.Бекасилова шеберлік сағаттарын өткізді. Мақсаты – мұғалімдерге заманауи білім берудің әдіс-тәсілдері туралы мәліметтер алуға жағдай жасай отырып, қазіргі өмір талабына сай, нәтижеге бағдарланған, білім берудегі жаңашыл қызметте жаңа технологиямен жан-жақты іздену арқылы еңбек етуге үйрету.
Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі таңдағы қол жеткен жетістіктерімен таныстыру мақсатында 1а, 2а, 3б, 4б сыныптар тәрбие сағаттары
12
желтоқсан
2022
Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі таңдағы қол жеткен жетістіктерімен
2022 жылдың 12 желтоқсан күні 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күніне орай мектепішілік жоспарға сәйкес оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар  бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп,  осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі таңдағы қол жеткен жетістіктерімен таныстыру мақсатында 1а, 2а, 3б, 4б сыныптар тәрбие сағаттарын өтті. 
"Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" тақырыбында мектепшілік дебат турнирі
12
желтоқсан
2022
"Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" тақырыбында мектепшілік дебат
Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" тақырыбында мектепшілік дебат турнирі өткізілді. Дебат додасына 5-сынып оқушыларынан 10 фракция қатысты. Турнирде "Б.П. оқуда жетістікке дету үшін қажетті дағдыны көрсетеді", "Б.П. оқушыларды дамытатын хоббиды көрсетеді", "Б.П. балалар жылында ұйымдастырылуы керек бір іс-шараны көрсетеді" тақырыптары бойынша пікірталасты. Турнир нәтижесінде Жұман Ердәулет пен Ермахан Жандәулеттен құралған "KZ" фракциясы жеңімпаз атанды.  
1-11 сынып білім алушылары арасында "Тәуелсіз Қазақстан біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз!” тақырыбында көрме
12
желтоқсан
2022
1-11 сынып білім алушылары арасында "Тәуелсіз Қазақстан біздің ең
12.12.2022 жыл №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, желтоқсан батырларын еске алу, ұлықтау мақсатында 1-11 сынып білім алушылары арасында "Тәуелсіз Қазақстан біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз!” тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Жауапты: мектеп кітапханашылары.
"Асанбай Асқаров оқулары" байқауының "Өрнекті ойлар өнегесі" бағыты бойынша
12
желтоқсан
2022
"Асанбай Асқаров оқулары" байқауының "Өрнекті ойлар өнегесі" бағыты
"Асанбай Асқаров оқулары" Қоғам қайраткері, ақын, мемурашы, зерттеуші А.Асқаровтың өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған "Асанбай Асқаров оқулары" байқауының "Өрнекті ойлар өнегесі" бағыты бойынша мектебіміздің 8 "А" сынып білім алушысы Шамшидин Мұқағали ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
А.Асқаровтың өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған "Асанбай Асқаров оқулары" байқауы
12
желтоқсан
2022
А.Асқаровтың өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау
"Асанбай Асқаров оқулары" Қоғам қайраткері, ақын, мемурашы, зерттеуші А.Асқаровтың өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған "Асанбай Асқаров оқулары" байқауының "Қауызымын ардақтаған халқымның" бағыты бойынша мектебіміздің 10 "А" сынып білім алушысы Шариятхан Дариға ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
Облыстық "Үздік авторлық бағдарлама" байқауы
12
желтоқсан
2022
Облыстық "Үздік авторлық бағдарлама" байқауы
 Үздік авторлық бағдарлама №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Наушабаева Гүлбағира Рысбекқызы облыстық "Үздік авторлық бағдарлама" байқауының І дәрежелі дипломымен марапатталды. Әріптесімізді құттықтаймыз!!!