15
қазан
2025
«Мультфильм –баланың қиял әлемі»
15 қазан 2025 жылы эксперименталды алаң бағдарламасының жоспарына сәйкес 4ә сынып білім алушыларымен информатика пәнінің мұғалімі Э.Жаксыбаева Scrach бағдарламасында « Мультфильм –баланың қиял әлемі» тақырыбында шығармашылық жоба ұйымдастырды. Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін, қиял-ойлауын, цифрлық сауаттылығын дамыту арқылы анимациялық мультфильм құрастыруды үйрету болып табылды. Бұл жоба барысында оқушылар шағын топтарға бөлініп, сценарий жазудан бастап, кейіпкерлерді салып, дауыстау, монтаж жасау арқылы толық анимациялық өнім шығарды. Шығармашылық жобалар арқылы бала бойында шығармашылық, логикалық және техникалық қабілеттері дамитынын көруге болады.