19
желтоқсан
2025
«Жылдамдық пен дәлділіктің үйлесімі» атты сыныптан тыс сабақ
2025жылдың желтоқсан айында мектеп-гимназия оқушылардың қызығушылығы бойынша құрылған үйірмелердің жұмыс жоспары мен эксперименталды алаң аясындағы «Шабыт» үйірмесінің жоспарына сәйкес 4,5,7,9 сыныптармен үстел теннис үйірмесінің жетекшісі Е.Бошкулов «Жылдамдық пен дәлділіктің үйлесімі» атты сыныптан тыс сабақ ұйымдастырды. Мақсаты – оқушылардың дене дайындығын арттыру, ептілік пен дәлдікті дамыту болды. Үйірме аясында оқушылар үстел теннисі техникасын меңгеріп, жаттығулар мен жарыстарға қатысып, белсенділік танытты. Бұл сабақ оқушылардың дене шынықтыру дағдыларын нығайтып қана қоймай, тәртіпке, шапшаңдыққа және командалық рухқа тәрбиелеуге ықпал етті.
