17
қыркүйек
2025
Говард Гарднердің көпқырлы интеллект теориясына негізделген диагностикалық сауалнама
2025–2026 оқу жылының қыркүйек айында мектеп психологі Сабыралиева Сабина тарапынан 2–11 сынып оқушылары арасында дарынды балалардың шығармашылық потенциалын анықтау және дамыту мақсатында Говард Гарднердің көпқырлы интеллект теориясына негізделген диагностикалық сауалнама жүргізілді.
Диагностикалық жұмыстың негізгі мақсаты – білім алушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін анықтау, олардың қызығушылық бағыттарын айқындау және дарынды балалармен жүйелі дамыту жұмыстарын ұйымдастыру болды.
Сауалнама барысында оқушылардың:
тілдік интеллектісі;
логикалық-математикалық интеллектісі;
кеңістіктік интеллектісі;
музыкалық интеллектісі;
тұлғааралық интеллектісі;
ішкі тұлғалық интеллектісі;
натуралистік интеллектісі бойынша қабілет ерекшеліктері зерттелді.
Зерттеу нәтижесінде оқушылардың басым бөлігінде:
логикалық-математикалық;
тілдік;
тұлғааралық интеллект түрлерінің жоғары деңгейде дамығаны байқалды.
Бастауыш сынып оқушылары арасында шығармашылық қиял, тілдік және көркемдік қабілеттер басым болса, орта және жоғары сыныптарда логикалық ойлау, зерттеушілік және коммуникативтік қабілеттердің жақсы қалыптасқаны анықталды.