21
ақпан
2024
8-9 сыныптар арасында “Ар мен намыс таразыға түскенде” атты тақырыпта пікірталас
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында сапалы психологиялық қызмет көрсету мақсатында "Әр бала - жарық жұлдыз" атты психологиялық кеңес беру айлығы барысында және эксперименталды алаң жұмыс жоспары негізінде 21.02.2024ж 8-9 сыныптар арасында “Ар мен намыс таразыға түскенде” атты тақырыпта пікірталас өткізілді. Дебат барысында оқушылар екі фракцияны қорғап,«Үкім» даттаушы тобы, «Оппозиция» жақтаушы тобы болып бөлінді. Дебат өз талабына сай ұйымдастырылған, жаңа технологияларды пайдалана отырып, тиімді қолдана білді. Екі топта жақсы әзірлікпен келген. Әрбір спикер өздерінің қорғаған резолюциясына, нақты аргументтерімен дәлел келтіріп отырды.Сыныптан тыс шараға оқушылар белсене қатысып, өз ойларын еркін жеткізе алатындықтарын көрсетті. Сыныптан тыс шара сарапшылардың көңілінен шығып, жоғары бағаланды.Дебат қорытындысы бойынша «Үкім» тобы жеңіске жетті. Ұйымдастырушылар: Ж.Усенова.Е.Жанұзақ