04
желтоқсан
2021
"Қазіргі қазақ қызы қандайсың?" тақырыбында дебат ойыны
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында тәрбие жоспарына сәйкес халықтық тәлім - тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсету, адамгершілікке үндеу мақсатында 04.12.2021 жылы "Қазіргі қазақ қызы қандайсың?" тақырыбында дебат ойыны өткізілді. Ойын қарары: "Қазіргіге қарағанда бұрынғы қазақ қызы тәрбиесінің қоғамға пайдасы көп" деген тақырыпта өрбіді. Дебатқа 9 сынып білім алушыларынан құралған 2 топ қатысты. Ойын барысында "Оппозиция" фракциясы ретінде Қылшабай Әмина мен Нұрсейітқызы Еркеайымнан құралған "Шежіре" тобы қыз бен тәрбие арасына алтын көпір болып, қоғамның бүгінгі тәрбиесін алға тартқан болса, оларға жалынды қарсылық білдіруші "Үкімет" фракциясында Шамшидин Қырмызы мен Жұбатхан Алина мүшелік еткен "Тұмарша" тобы ертеректегі қыз тәрбиесі туралы тың дерек пен ұтымды дәлелдер келтіре білді. Дебат төрешілері: мектебіміздің дебат клубының төрайымы Тоқтақан Аруна бастаған аудандық, облыстық дебат ойындарының жүлдегерлері: Асқар Азиза, Марат Айзере, Алауатдинова Анеля қазылық етсе, таймкипер болып 9 сынып білім алушысы Анар Асима уақытқа төрелік ете білді. Ойын соңында "Тұмарша" тобы 1 орынды иеленсе, "Шежіре" тобы 2 орынды қанжығасына байлады. Ал ойынның "Үздік спикері" болып Қылшабай Әмина марапатталды. Дебат ойынының конструктивті бөлімі аяқталған соң парламентарияға сөз беріліп, мектеп ұстаздары мен психологтары және білім алушылар өз ойларымен бөлісті.