08
қаңтар
2021
Қазақ тілі, тарих, өзін-өзі тану бірлестігінің айлық барысында "Интернет адамзат дамуына қауіп төндіреді, төндірмейді?"
08.01.2021ж N5 Ақарал ЖББМГ 04.01.2021-29.01.2021 аралығында қазақ тілі, тарих, өзін-өзі тану бірлестігінің айлық жұмысы бойынша тарих пәнінің мұғалімі Джадраев Азамат жоспарға сәйкес "Интернет адамзат дамуына қауіп төндіреді, төндірмейді?" тақырыбында Американдық Парламенттік форматты ұстана отырып, 10 сынып білім алушылар арасында мектепшілік дебат өткізді. Үкімет фракциясының спикерлері Алауатдинова Анеля, Бекберген Назгуль. Оппозиция фракциясының спикерлері Асқар Азиза, Марат Айзере. Тайм-кипер Батырбек Анель. Осы тұста төрешілер Директордың ғылыми ісі-жөніндегі орынбасары: Сеитова Сандуғаш Қапсаланқызы. Тарих пәні мұғалімі Касымов Гани Сарсембайұлы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Наушабаева Гүлбағира Рысбекқызы өз ойларын айтып, білім алушыларға дебатта үздік деп танылғандары үшін марапаттар мен сыйлықтар табыс етті.