23
қазан
2020
9 - 11 сынып оқушыларымен "Мамандық таңдау - ертеңді ойлау" тақырыбында Zoom платформасы арқылы онлайн интервью - сұхбат
N5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп - гимназиясы 23.10.2020ж директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Алденбаева, география пәнінің мұғалімі С.Айжарыков, мектеп психологы Р.Молдобекова жаратылыстану бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес 9 - 11 сынып оқушыларымен "Мамандық таңдау - ертеңді ойлау" тақырыбында Zoom платформасы арқылы онлайн интервью - сұхбат жүргізді. Директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары білім алушыларға мамандық таңдау бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс екендігі туралы айтып, мамандықты дұрыс таңдауға байланысты көптеген ақпараттар атап өтті. География пәнінің мұғалімі С.Айжарыков білім алушыларға "Сұранысқа ие мамандықтар" тақырыбында бейнеролик көрсетіп және әлемдегі ең атақты кәсіпкерлер туралы және олардың қалай жетістікке жеткендігі жайлы ақпарат берілді. Мектеп психологы Р.Молдобекова "Мамандықты қалай таңдасам екен? Бұл жөнінде не білуім керек." тақырыбында кеңестер айтты. Соңында білім алушылар өз ойларын айтып, сұрақтар қойып, сұхбат жүргізілді.