19
қаңтар
2022
МЕКТЕПТЕ ПЕДАГОГ ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАУ БОЙЫНША КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ
МЕКТЕПТЕ ПЕДАГОГ ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАУ БОЙЫНША КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛДЫ
Педагогтердің мәртебесін арттыру мақсатында 2022 жылдың 5 қаңтар күні мектебімізде , «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 жылғы № 568 бұйрығымен өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021 жылғы № 432 бірлескен бұйрығының негізінде бос орынға және (немесе) уақытша мұғалімдерді жұмысқа қабылдау процесі ашық түрде ұйымдастыру мақсатында конкурстық комиссия мүшелері бекітілді.
Енді мұғалімдер жұмысқа тікелей мекеме басшысы емес, конкурстық комиссия шешімімен қабылданады. Жаңа тәртіпке сәйкес, барлық бос немесе уақытша бос лауазымдарға конкурс өткізеді. Конкурс өткізу туралы мәліметтер алдын ала жарияланып отырылады.
Аталған шаралар педагог лауазымына үміткерлерді сапалы іріктеуге және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.