05
қыркүйек
2018
Бракеражды комиссияның анықтамасы
05.09.2018ж
Қазіргі таңда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №717 бұйрығымен бекітіліп, 2017 жылғы 22 ақпандағы №76 бұйрығымен өзгерістер енгізілген «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына» сай жүргізілуі тиіс. Бұл қағидада мектеп әкімшілігінің негізгі міндеттері айқындалған: білім алушыларды тиімді тамақтандырумен қамтамасыз ету, тамақ өнімдерінің сапасына және қауіпсіздігіне кепілдік беру, білім алушылар арасында тамақтан уланудың алдын алуға және профилактикасына бағытталған санитарлық талаптарды сақтау болып табылады. Мектептегі аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы білім алушыларының тізімі 2018 жылдың 28 тамыздағы педагогикалық кеңес шешімі негізінде 2 отбасынан – 5; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар 15 отбасынан-36 білім алушының өтініштері қаралып, тегін тамамқтанумен қамтамасыз етілетіні анықталды. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес комиссия мүшелері 41 білім алушының 5 –ң әлеуметтік тұрмыс жағдайын анықтау туралы актілері мен 36 оқушының мемлекеттік атаулы көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтамалары тексеріліп, қорытындылары оқылды, жоғарыда аталған оқушыларда ешқандай артық құжат салынбаған, талапқа сай жинақталған және педагогикалық кеңестің жинақ папкасында актілер көшірмесі тігілген. Әр білім алушының папкасында педагогикалық кеңестің шешімі көшірмесі мен мемлекеттік атаулы көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтамалар көшірмесі мен 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №650 бұйрығына 6 қосымша, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-ші қосымша негізінде (ата-аналары өтініші бойынша) тегін тамақтандыруға өтініштері жинақталған.
2018-2019 оқу жылының қыркүйектің 3-і мен мамырдың 25-і аралығында 41 білім алушы мектеп асханасында тегін тамақтанады. Актілер мен анықтамалары арнайы папкасында жинақталып, іріктелген. 41 білім алушының тегін тамақтануын түгендеу журналына тіркеліп, үнемі қадағаланып тұрады.