20
мамыр
2021
9, 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау, оқу жылының қорытындылары
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 20.05.2021ж. #03-2841 хатына сәйкес ағымдағы жылдың 22 мамыр күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының мәжіліс залында 2021 жылдың 22 мамыр күні 2020-2021 оқу жылының қорытындысы туралы жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп әкімшілігі мен 121 ата-ана (балалардың заңды өкілдері), педагогтар қатысты.
Жалпыреспубликалық ата - аналар жиналысының мақсаты - ата-аналарды 2020 -2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету және ата - ананың педагогтермен жеке сөйлесуі арқылы баланың үлгеріміне егжей - тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік беру.
Жалпыреспубликалық ата - аналар жиналысының мақсаты - ата-аналарды 2020 -2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету және ата - ананың педагогтермен жеке сөйлесуі арқылы баланың үлгеріміне егжей - тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік беру.
Сондай - ақ, күн тәртібінде 9, 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау, оқу жылының қорытындылары, білім алушылардың білім сапасы, жазғы демалыс, лагерь туралы, жаз кезіндегі қауіпсіздік шаралар, оқушылардың өмір қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың алдын алу туралы мәселелері талқыланды. Мектеп директоры Н. Койшиманова оқу жылы бойынша атқарылған жұмыстар есебін беріп, "Жазғы мектеп" бағдарламасы туралы ақпараттық түсіндіру форсайт сессиясын жүргізді. Басшы орынбасарлары Р. Бабижанова мен Г. Айтбаев соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші, жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру мен келесі оқу жылына арналған мектеп формасы мәселелерін ортаға салып, ата - аналар ұсыныстарын тыңдады. Жиналыстан кейін педконсилиум: әрбір ата - ана барлық педагогтармен (психолог, әлеуметтік педагог), сынып жетекшісімен кездесіп, өзінің баласы туралы толық ақпаратты оның пәндер бойынша үлгерімін, сабаққа қатысуын, сондай - ақ, жетістіктері туралы ақпарат ала алды.