13
қаңтар
2020
"Салауатты отбасы болу-міндет" такырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
2020 жылдың 13 қаңтар күні №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында "Салауатты отбасы болу-міндет" такырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде мектептегі білім алушылардың қорытынды аттестаттау кезінде өзгерістер мен толықтырулар, білім сапасы мен екінші жартыжылдық міндеттері туралы мектеп директоры Н, Койшиманова таныстырды, Мектеп психологы Р, Молдобекова ата-аналарға баласына мамандық таңдауға көмектесетін 6 тандаулы кеңес берді, Жол көлік жарақатының алдын алу: жол ережесін білу мәселесі, қыс кезіндегі қауіпсіздік іс-шаралары туралы айтылды, Жалпы ата-аналар жиналысына 104 ата-ана, қамқоршылық кеңес мүшелері мен құқық қорғау қызметкерлері қатысты.