10
қыркүйек
2021
"Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №1-1395 хатына сәйкес №5 Ақарал жалпы білім беретін мектепте 10 қыркүйек күні «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту. Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.