04
желтоқсан
2021
"Бәрін білгім келеді" атты ғылыми жобалар шеруі
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында әдістемелік кеңес жоспары аясында бастауыш сыныптар арасында білім алушылардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, интеллектуалдық - шығармашылық әлеуетін ынталандыру, қабілетті мен дарындыларды анықтау мақсатында "Бәрін білгім келеді" атты ғылыми жобалар шеруі өткізілді. Мектеп директоры Н.Койшиманова зерттеу жұмыстарды теориялық, эксперименттік, ойлап тапқыштық негізде болатынын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жас бүлдіршіндер өлкетану, медицина, психология, экология, жаратылыстану бағыттары бойынша жұмыстарын көрсетіп, 1-3 сыныптар арасынан зерттеу және шығармашылық жобалар шеруіне барлығы 14 білім алушы қатысып, "Адам және денсаулық", "Жас эколог", "Ізденімпаз", "Жас биолог" аталымдары бойынша марапатталды. Жауапты: директордың ғылыми - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Р. Бабижанова