«Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану, математикалық және оқу сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбындағы аудандық семинар
2019жылдың 6 наурызы күні №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында аудандық «Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану, математикалық және оқу сауаттылығын арттыру жолдары» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында мектеп директоры Н.Койшиманова мен аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Карабаева қатысушыларды бағдарламамен таныстырып, халықаралық зерттеу бойынша ақпарат берді. Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары С.Сеитова халықаралық зерттеу барысында мектептегі жұмыс барысын TED форматта тәжірибе алмасты. Биология, химия, математика пән мұғалімдері Айтбаев Г, Ж.Алайдарова, А.Садуахас көрсеткен шеберлік сабақтары бойынша «Пікірлер алаңы» бөлімінде сабақтағы TIMSS, PISA тапсырмаларын орындау тиімділігі барысында ой-бөлісті. Мектепте білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыруда жүргізіліп жатқан «Түсініп оқу» жобасы туралы бастауыш сынып мұғалімі М.Бекасилова ақпараттық сессия өткізді. Қатысушылар өз іс-тәжірибелеріне тиімді ақпараттарды алатындығы барысында кері байланыс жасалып, семнинар қорытыланды.