«Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны» тақырыбындағы онкүндіктің ашылуы
2019 жылдың 11 ақпанында «Жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны» тақырыбындағы онкүндік барысында «Пікірлер алаңы» дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары С.Сеитова онкүндік жоспарын таныстырды. Онкүндіктің ашылуы «Пікірлер алаңы» болғандықтан тарих пәні мұғалімі Қасымов Гани орта білім мазмұнын жаңарту аясында бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптама жасау саласында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, бастауыш сынып мұғалімі Г.Садирмекова бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс – модерация, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Кикабаева бағалау критерийлері бойынша өз пікірін білдірді.