19
қаңтар
2019
«Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» ақпараттық - сессия
2018 жылдың 19 қаңтар күні тарих пәні мұғалімі Қасымов Гани және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Наушабаева Гүлбагираның ұйымдастыруымен «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» тақырыбында ақпараттық-сессия өткізілді. Мақсаты: орта білім мазмұнын жаңарту аясында бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптама жасау саласында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру. Өткізілу барысында мұғалімдерге ашық, жабық тапсырмаларды пайдалану жолдары, бөлім бойынша тапсырмаларды құрастыру алгоритмі, тоқсандық жиынтық бойынша спецификациясы түсіндірілді.