04
желтоқсан
2021
5-11 мектеп оқушылары арасында дойбы жарысы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 4 желтоқсан күні 5-11 мектеп оқушылары арасында дойбыдан жарыс өткізілді. Жарыс өскелен ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулықтарын нығайту мақсатында жүргізілді. Осы жарысқа қатысып, өзінің шапшандығымен, есепке жүйріктігімен көзге түсіп мектебіміздің ұлдар арасынан 11"А" сынып оқушысы Білдебай Абылқайр 1 орынға ие болса, 2-орынды 5"А" сынып оқушысы Ерболатұлы Бағылан және 3-орынға 5"Ә" сынып білім алушысы Алауатдин Ернұр атанды.Қыздар арасынан 5 "А" сынып оқушысы Нұрсейт Жанайым өз қатарластарынан оза шығып 1 орынға ие болды.2- орын 6"А" сынып білім алушысы Ұзақбай Асылзат және 3-орынға 9"А" Нұрсейтқызы Еркеайым табан тіреді. Оқушыларымызға жарқын болашақ, жолдары ашық, қадамдары оң болсын деп тілейміз! Тек биік белестерді бағындырып, мектебіміздің бетке ұстар оқушыларының бірі бол демекпіз!