31
қазан
2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дойбыдан Меркі ауданының ашық турнирі
Мерке ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырылуымен қазан айының 31-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дойбыдан Меркі ауданының ашық турнирінде мектебіміздің мақтанышы, бірнеше жарыстың жеңімпазы, дене шынықтыру пәні мұғалімі Айдабосынов Берік өз бағын сынады. Турнирде аудан аралық мектеп мұғалімдерінің арасынан оза шығып, 2 орынға ие болды. Әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, әр жеңісінің жемісін берсін демекпіз! Алда талай шыңдарға шығып, белестерді бағындыруңызға тілектеспіз!