11
желтоқсан
2021
"Қыз бала- ұлттың ұяты, халықтың шырайы" атты қыз балаларға арналған кеш
2021 жылдың 11 желтоқсан күні тәрбие жоспарына сәйкес қыз баланы ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға, мектепте өзін — өзі ұстауға, қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу мақсатында "Қыз бала- ұлттың ұяты, халықтың шырайы" атты қыз балаларға арналған кеш өткізілді. Кеш барысында қыз балалар өздерінің алдында қоғамның, елдің, ұлттық тыныс — тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғанын мектебіміздің қадірлі қонақтарының айтылған құнды пікірлері, тренигтері арқылы меңгерді. Ұйымдастырған: "Шебер" шаңырағы.