06
желтоқсан
2019
6-11 сынып білім алушыларымен "Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы" тақырыбында кеңейтілген қыздар жиналысы
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 6 желтоқсан күні Денсаулық сақтау басқармасы, халыққа қызмет көрсету өкілдерінің қатысуымен 6-11сынып білім алушыларымен "Қыз бала-ұлттың ұяты, халықтың шырайы" тақырыбында кеңейтілген қыздар жиналысы өтті. Мектеп директоры Н.Койшиманова қазіргі қыздардың заман ағымына сай батыс елдеріне еліктеуі біздің қазақи менталитетімізге кері әсерін беріп, мәдени сауатсыздыққа ұшырап, келеңсіз оқиғаларға тап болып жүрген фактілерді айтты. Психолог Р.Молдобекова "Сіздің өміріңіздің тостағаны" тренингі арқылы қыздардың бойындағы жағымды қасиеттер көбірек табылып, артық сөз, дөрекілік пен ашу-ызаға жол бермеуге үйретті. СӨСҚО жетекшісі Х.Адешова, АОЕ гинекологы А.Айдосова,психолог А.Алимкулова мен "Әдемі" сән салонының меңгерушісі М.Толганбаева қыз баланың тәрбиесіне бүгінгі таңда ерекше мән беру қажет екені, "Мамандар сөйлейді" айдарында жасөспірімнің физиологиялық даму үрдісі бойынша пайдалы кеңес беріп, жеке гигиеналық ережелерді ұдайы ұстануға шақырды.