21
мамыр
2022
"Жаңа Қазақстанның болашағы- дарынды жастар" тақырыбындағы Art фестиваль
"2022 жыл - Балалар жылына" орай 21 мамыр күні ауылдық мәдениет үйінде 2021-2022 оқу жылындағы мектептегі дарынды оқушыларымыздың шығармашылық потенциалын жан-жақты өсіру бағытында жұмыс жасайтын үйірмелердің қорытынды есебі "Жаңа Қазақстанның болашағы- дарынды жастар" тақырыбында "Art фестиваль" өтті. Фестивальда білім алушылары сахнада әр түрлі жанрда өнерлерін паш етті. “Театр сабақтары” (жетекшісі: Ф. Асубаева) және “Сахна сыры” (жетекшілері: Г.Наушабаева, М. Шалдарбекова) дайындаған сахналық қойылымдары көрермен тарапынан үздік деп бағаланды. "Ай-Шолпан" үйірмесінің білім алушылары “Джаз” (жетекшісі М.Бекмурзаев) биін билесе, мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері “Стюардесса” биін билеп, үш тілде өлең оқыды. Мектеп күйшілері (жетекшісі А.Мүсілім) "Ерке сылқым" күйін тамылжыта отырып тартты. ”Шебер қолдар” (жетекшісі: Ә.Барменкулов), “Қызғалдақ” (жетекшісі: А.Уалиева), “Робототехника” (жетекшісі: О.Еркебаев), “Эко мектеп” (жетекшісі: А.Мұрат) қолдан жасалған бұйымдарымен көрме ұйымдастырып, еңбектерін көрсетті. Фестиваль барысында “Бір үйдің баласындай”, “Туған жер”, “Бір ел болсақ”, “Жаса Қазақстан” әндері (музыка жетекшісі Д. Ақжол) жоғары деңгейде айтылды. Спорттық "Волейбол" (Қ.Темірбеков), "Баскетбол" (Н.Мұрат), "Асық ату" (А.Конурбаев), "Футбол" (Д.Қойшыбаев), "Тоғызқұмалақ" (Б.Айдабосынов), "Үстел теннисі" (Е.Бошкулов) үйірмелері де қалыс қалмай жетістікке жеткен білім алушыларын ортаға шығарып, көрермен көзайымы болды. Фестиваль қонақтары Ақарал ауылдық округінің әкімі Е.Бекасилов, "Қамқоршылық" кеңесінің төрайымы Н. Зұлпықарова білім алушыларға ризашылықтарын білдіре отырып, жылы лебіздерін білдірді. Бүгінгі өткізілген фестивальда 2021-2022 оқу жылында спорт, өнер, пәндік олимпиада, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, мектебіміздің қоржынына өз үлестерін қосқан 41 оқушыға мектеп ұжымы демеушілік көрсетіп бағалы сыйлықтармен марапаттады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Абишева.