«Жас зерттеуші» ғылыми жоба байқауы
2018жылдың 13.12 куні бастауыш сынып білім алушылары арасында «Жас зерттеуші» ғылыми жоба байқауы өткізілді. Мақсаты: жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, көпшілік алдында еркін ойын жеткізе алатын тұлға қалыптастыру.
Байқауға 4а сынып оқушысы Жөкетай Жанерке «Менің ауылым», 2а сынып оқушысы Үйсінбай Нұрәділ «Сандар құпиясы», 2а сынып оқушысы Достан Нұрдаулет «Жұмыртқа қабығының сыры», 3а сынып оқушысы Ерланқызы Назгүл «Тайқазан-Түркістандағы киелі қазан», 3а сынып оқушысы Күмісбек Мердиас «Қазақтың ырым-тыйымдарының биологиялық маңызы», 3а сынып оқушысы Мәлік Айзере «Тіс саулығы» тақырыбында жұмыстарын ұсынды. Байқау нәтижесінде Ерланқызы Н, Күмісбек М I орын, Достан Н мен Мәлік А II орын, Үйсінбай Н мен Жөкетай Ж 3 орын жеңімпаздары атанды.