25
наурыз
2023
Меркі ауданы білім бөлімінің ұйымдастырумен Түркістан облысының киелі орындарына экскурсия
2023 жылдың 25 наурызы күні #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының білім алушылары Меркі ауданы білім бөлімінің ұйымдастырумен Түркістан облысының киелі орындарына экскурсияға барды. Мектеп оқушылары өмірінде эстетикалық тәрбиенің алатын орны ерекше. Бүгінгі таңда бұл мәселе кең көлемде зерттеліп, баланы Отанын құрметтеуге тәрбиелеудің әдістері жандандырылуда. Мұндай мақсатты көздеп өлкетану бағытында оқушылармен экскурсия жасау орынды. Тарихы мол Ақмешіт үңгіріне, қасиетті Домалақ ана, Қожа-Ахмет Яссауи кесенелеріне барып, арман, тілектерін айтып мәз мейрам болған білім алушылар білім бөліміне, мектеп әкімшілігіне, жетекшілеріне және ата -аналарына алғысын білдірді. Құнды іс-шара алдағы уақытта да жалғастырылып отыратын болады.