31
мамыр
2021
Меркі аудандық тарихи - өлкетану музейіне экскурсия
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының 8 - 10 сынып білім алушыларына 31 мамыр саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіру, тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу мақсатында тарих пәнінің мұғалімі Ғани Қасымовтың ұйымдастыруымен Меркі аудандық тарихи - өлкетану музейіне экскурсия жұмысын жүргізді. Музейді таныстыру барысында білім алушыларға музей директоры А. Базилов саяси қуғын - сүргін тарихы бойынша және бас қор сақтау бөлімінің жетекшісі Л.Барақбаева Құлбеков Мәлік - Асан мен Ғабитова Фатима өмірі жайлы тың деректерімен бөлісті. Осы орайда сол зұлматты жылдардың ауыртпалығымен, ұлтымызға жасалған үлкен соққымен, тарихымыздың ақтаңдақтарымен және де тәуелсіздік жолында құрбан болған тұлғалардың еңбектеріне музей бөлімінің жетекшісі А. Жүрсіналиева, музей қызметкері П. Жұмабекова баяндама жасады. Мәліметтермен танысқаннан кейін 10 сынып білім алушыларымыз А.Асқар, А.Марат, А.Тоқтақан, А. Алауатдин, Н.Бекберген өз ойларын ортаға салып: Т.Рысқұлов, М.Жылысбаев, «ГУЛАГ»,«Карлаг», «Алжир» еңбекпен түзету лагерлері жайлы дайындап келген материалдарымен бөлісті. Бүгінгі іс - шара нәтижесінде білім алушылар 31 мамыр жазықсыз құрбан болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі сақтау борышымыз екенін түсінді.