31
мамыр
2021
"Шоқтығы биік тұлғалар "атты тәрбие сағаты
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының 7 А сыныбында жетекшісі Ж. Далибаева 31- мамыр қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай "Шоқтығы биік тұлғалар "атты тәрбие сағаты өткізді. Білім алушылар сол жылдардың ауыртпалығы, ұлтымызға жасалған үлкен соққы, репрессия құрбандары туралы мәліметтермен танысты.Сынып сағатында 1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялыларының көпшілігі, сол кездегі қатыгез саясат нәтижесінде қуғын - сүргінге ұшырағандығы туралы айтты.