05
наурыз
2021
4"Ә" сыныбында "Ана - өмір шуағы" атты сынып сағаты
Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Ана - әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының 4"Ә" сыныбында "Ана - өмір шуағы" атты сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында білім алушылар аналарына, әжелеріне деген ыстық сезімдерін білдіріп, ән айтып, өлең шумақтарын оқыды. Сынып жетекшісі: Ш. Ермаханбетова.