05
қыркүйек
2023
"Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында жалпы Қазақстандық ашық диктант
Қазақстан - көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Ұлттың тілі - қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал. Қазақ тілінің мәртебесін өсіру, мемлекеттік тілімізді қастерлеу, құрметтеу - баршамыздың міндетіміз. N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымы мен білім алушылары 5 қыркүйек күні Қазақстан Халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 10.3 - тармағына сәйкес "Мың бала" республикалық мәдени-ағартушылық жобасын өткізу аясында жалпы Қазақстандық ашық диктант жазуға қатысты.