15
наурыз
2024
15 наурыз наурызнама бойынша "Қайырымдылық" күні
Бүгін 15 наурыз наурызнама бойынша "Қайырымдылық" күні. Бұл күн мейірімділік пен татулық насихатталатын күн. Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес, рухани қолдау, көңілі жүдеу адамды жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды. Бұл игі дәстүр қоғамда жанашырлық, мұқтажға көмек беру және жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады. Демек, Наурыз мейрамы өзара көмек пен қайырымдылықтың да мерекесіне айналып отыр. Осыған орай мектебіміздің өзің өзі басқару ұйымы ауыл қарияларының үйіне барып қайырымдылық көмегін көрсетсе мектебіміздің тұрақты демеушісі Ж.Баймырзаева екі көпбалалы отбасына әлеуметтік көмек көрсетті.