30
қаңтар
2019
«Мейірімге толы жүрегім» атты қайырымдылық концерті
Республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында мектеп басшысы Н.Койшиманованың және Қамқоршылық кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 30 қаңтар күні мектебімізде «Мейірімге толы жүрегім» атты қайырымдылық концерті болып өтті. Балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластары мен аялы алақандарын созып, балғын бөбектерге адамдық мейірімділік пен жомарттық танытып келген, ауыл әкімі Жантайбеков Оразбай ағамыз бастаған ауылымыздың белсенді азаматтары мен демеушілері қатысты. Концерттік бағдарламада өзіміздің мектебіміздің білім алушылары ән салып, би билеп, домбырамен күй ойнап, ақын қыздарымыз өздерінің шығарған өлең жолдарын оқып, өнерлерін көрсетті. Осындай қайырымдылық акциялары әлі де өз жалғасын таба береді деп сенеміз.