10
қазан
2024
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, әрбір апталық тәрбие сағатында 10 минуттық "Қауіпсіздік сабағы"
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гиназиясында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі №263 бұйрығына сәйке, 2024-2025 оқу жылынан бастап "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, әрбір апталық тәрбие сағатында 10 минуттық "Қауіпсіздік сабағы" өткізілуде. Білім алушыларды күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дағдыларға үйрету, жеке қорғанысқа және айналасындағыларға саналы, жауапкершілікпен қарауды, төтенше жағдайда және басқа да туындайтын жағдайларда жауапкершілікті түсінуді қалыптастыру мақсатында "Жол ережесі мен қауіпсіздігі" тақырыптарында қауіпсіздік сабақтары өткізілді. Сабақ барысында білім алушыларға жол белгілері қызметтері мен қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.