07
қазан
2024
"ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН AКЦИЯСЫ"
Қазан айының 7-шы жұлдызында "ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН AКЦИЯСЫ" "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында мектептердегі әлеуметтік-эмоциялық ахуалды жақсарту, ынтымақтастық арқылы оң қарым-қатынастың ең жақсы жолдарын табу және достық, қауіпсіз кеңістік құру үшін білім алушылар қауымдастығын біріктіру мақсатында мектеп психологы С. Сабыралиева «Кел, дос болайық!» тақырыбында достық сабағын өтті. Оқушылардың позитивті қарым-қатынастары мен эмоционалды әл-қуатын дамыту бойынша «Досбол Like: достық қолын ұсын» ойын-тренингі өткізілді. Оқушылар сабақ барысында достық туралы пікірлерін айтып, бір-біріне жылы лебіздері мен ойларымен бөлісті.