24
қаңтар
2024
«DosbolLIKE» бағдарламасына сәйкес балалар арасында достық қарым-қатынас орнату және қорлаудың (буллингтің) алдын алу
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2024 жылы қаңтар айының 18-24 күндері аралығында «DosbolLIKE» бағдарламасына сәйкес балалар арасында достық қарым-қатынас орнату және қорлаудың (буллингтің) алдын алу мақсатында 1-11 сынып оқушылары арасында бірыңғай сабақтар өткізілді. Сабақтарда оқушылардың арасында адамдардың жеке басындағы және мінез-құлқындағы жалпы және ерекше көріністерге қызығушылық, адамдардың теңдігі туралы идеяларды кеңейту, эмпатияны дамыту, жағымды қарым-қатынас дағдылары және қоғамда тиімді өзара әрекеттесу, қарым-қатынас дағдылары, командада жұмыс істей білу, жауапкершілік, әдептілік, ізгі ниет, достық қарым-қатынаста өзара көмектің құндылығын түсіну, қорлыққа (буллингке) ұшыраған жағдайдағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.