15
қазан
2024
5-11 сынып білім алушылар арасында «Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы» тақырыбында дәріс
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық психологиялық қолдау орталығының» 2024 жылғы 10 қазандағы №1-12 хатына сәйкес 15 қазан күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында интернет қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында «Әлемді билеген интернет» айлығы аясында 5-11 сынып білім алушылар арасында «Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы» тақырыбында дәріс өткізіліп, ғаламтордың оқушы денсаулығы мен оқу үлгеріміне, бала психологиясына компьютерлік ойындардың тигізетін кері әсері, компьютердегі әр түрлі сайттардың баланы теріс ағымға ойын бұру туралы айтылды. Сонымен қатар лудоманияның адамға әсер ету жолдары, кибербуллинг ұғымы, оның шығу тарихы, кибершабуылдан қорғану механизмдері жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында кибербуллингке не үшін бірден назар аудару керектігі, қысым көрген балалардың айрықша белгілері және неліктен адамдар бұндай әрекетке баратыны жайында қоғамдық тәжірибеден мысалдар келтіре отырып, талданды.