19
желтоқсан
2024
“Жүйке жүйесіне түсетін күштен психологиялық арылу әдісі” тақырыбында тренинг
19.12.2024ж № 5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 11 сынып білім алушыларының қатысуымен Ұлттық бірыңғай тестілеудің алдын алу барысында “Жүйке жүйесіне түсетін күштен психологиялық арылу әдісі” тақырыбында тренинг өткізілді.Мақсаты: жүйке жүйесіне түсетін стрессті жеңілдету,эмоционалдық тепе-теңдікті қалпына келтіру,ішкі ресурстарды арттыру мақсатында жүргізілетін топтық немесе жеке психологиялық жұмыс.Тренинг әдістері адамның психикалық жағдайын жақсартуға,өзін-өзі түсінуге, және тиімді релаксация тәсілдерін үйренуге бағытталған. “Сиқырлы қолғаптар” ойыны арқылы білім алушыларға логикалық сұрақтар қойып, топтасып бірлесе жұмыс жасап, қызығушылықпен қатысты. Мектеп психологы: С.Сабыралиева Д.Увалиева
