10
ақпан
2025
“Мен ертеңіме сенемін” тақырыбында тренинг
10.02.2025 ж №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында психологиялық айлығының аясында “Мен ертеңіме сенемін” тақырыбында тренинг жүргізілді.
Мақсаты: Қатысушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту, тыңдай білу іскерлігін жетілдіру және өзін-өзі құрметтеу деңгейін арттыру.
Бұл тренинг білім алушылардың мазасыздану мен қобалжу сезімдерінен арылуына, психологиялық жаттығулар арқылы бойларында сенімділік пен тұрақтылық қалыптастыруға бағытталды.
Мысалы, «Мен ертеңіме сенемін!» тақырыбындағы тренинг барысында қатысушылар өздерінің болашаққа деген сенімін нығайтып, мақсат қою және оған жету жолдарын анықтады.
Бұл тренингтер қатысушылардың психологиялық жағдайын жақсартуға, болашаққа деген сенімін арттыруға және жеке даму жолдарын анықтауға көмектесіп, қатысушылардың өзін-өзі тануына, әлеуметтік дағдыларын дамытуға және психологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды іс-шаралар болып табылды.
Олар арқылы қатысушылар өздеріне деген сенімділікті арттырып, болашаққа деген сенімін нығайта алды.
