05
ақпан
2025
«Құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында «Жасөспірімдер және оларға қатысты қылмыстың, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу» тақырыбында құқық қорғау органы қызметкерлерімен өткізілген кездесу
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында «Жасөспірімдер және оларға қатысты қылмыстың, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу» тақырыбында құқық қорғау органы қызметкерлерімен өткізілген кездесу анықтамасы 2025 жылдың ақпан айының 5 күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында Облыс әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы прокуратурасының 2025 жылғы 31 қаңтардағы №2-07-25-00496 хатына сәйкес, білім беру ұйымдарынның педагогтеріне, жаттықтырушылары мен дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдерімен «Жасөспірімдер және оларға қатысты қылмыстың, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу» тақырыбында кездесу болып өтті. Іс-шара барысында Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры мектеп инспекторы Тупеков Еркебулан Аяпбергенович педагогтерге, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылық, жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік, заң бұзушылықтың, қылмыстың және қылмыс істегені үшін жауапкершіліктің түрлері түсіндірілді.
