«Ашықтық, әділдік парасаттылық – өркениетті қоғам кепілі» тақырыбында жоғары сынып оқушылары қатысуымен дөңгелек үстел » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » «Ашықтық, әділдік парасаттылық – өркениетті қоғам кепілі» тақырыбында жоғары сынып оқушылары қатысуымен дөңгелек үстел
31
қазан
2025

«Ашықтық, әділдік парасаттылық – өркениетті қоғам кепілі» тақырыбында жоғары сынып оқушылары қатысуымен дөңгелек үстел

№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында  «Ашықтық, әділдік парасаттылық – өркениетті қоғам кепілі»  тақырыбында жоғары сынып оқушылары қатысуымен дөңгелек үстел  ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында әділдік, адалдық, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту және қоғамдағы ашықтық принципін насихаттау. Дөңгелек үстелді мектеп-гимназия директоры Г.Шаймерденова ашып, іс-шараның мәні мен маңыздылығына тоқталып, оқушыларды парасаттылық пен азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу бағытында мұндай кездесулердің маңызы зор екенін атап өтіп, белсенді қатысуға шақырды.
     Қатысушылар адалдық туралы бейнежазба тамашалап, өз ой-пікірлерімен бөлісіп, адалдықтың адам өміріндегі маңызы, қоғамдағы рөлі жайында тұжырым жасады. 
      Сонымен қатар, шағын топтарға бөлініп, «Әділдік бар жерде…», «Ашықтық – сенімнің негізі», «Парасаттылық тұлға келбеті», «Өркениетті қоғам моделі» тақырыптарында топтық жұмыстар орындады. Әр топ өз ойларын дәлелдермен жеткізіп, тұжырымдарын ортаға салып, пікір алмасу жүргізді.
     Қорытынды бөлімінде барлық топтың идеясы біріктіріліп, «Өркениетті қоғам – әр адамның ішкі адалдығынан басталады» деген тұжырым жасап, ашықтыққа, әділдікке шақырды. Бірлік шеңберіне тұрып, "адалдықтың шамын" — жағып, іштей таза ниетпен болашаққа сенім білдірді. Бір-біріне парасаттылық, әділдік пен ашықтық тілеп, қоғамға адал қызмет етуге уәде берді. Бұл сәт – әр адамның жүрегіндегі ішкі жарықтың, ел болашағына қосар үлесінің нышаны болды.

https://www.facebook.com/share/v/17QTYFHAnd/
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив