04
наурыз
2026
7-11 сынып білім алушыларымен "Интернеттің оқушылардың өміріне әсері " "Қауіпсіз интернет" тақырыптарында ақпараттық дәріс
04.03.2026 жылы №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру мақсатында мектеп инспекторы Е. Тупеков 7-11 сынып білім алушыларымен "Интернеттің оқушылардың өміріне әсері " "Қауіпсіз интернет" тақырыптарында ақпараттық дәріс өткізді. Іс-шара барысында интернеттің пайдасы мен зиянды жақтары туралы толық айтылып, онымен қолдану, компьютермен және әлеуметтік желіде қауіпсіз пайдалану ережелерімен таныстырып өтті.
