10
наурыз
2026
«Ана – біздің күніміз, Ана – біздің гүліміз» атты сурет байқауы
2026 жылдың 10 наурыз күні N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ана – біздің күніміз, Ана – біздің гүліміз» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ананың өмірдегі ерекше орнын дәріптеу.
Байқау барысында оқушылар өз қиялдары мен жүрек жылуын қағаз бетіне түсіріп, ананың мейірімі мен махаббатын бейнелейтін әсем суреттер салды. Қатысушылар түрлі бояуларды пайдаланып, ананың жылуы, қамқорлығы мен отбасыдағы рөлін шығармашылық түрде көрсете білді